Алматы полициясы интернет арқылы әрекет еткен қарақшыларды ұстады

Алматы полициясы интернет арқылы әрекет еткен қарақшыларды ұстады

Алматы полициясы қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады.

Белгілі болғандай, қаскөйлер жәбірленушіні пәтерге шақыру үшін танысу сайтын пайдаланып, оған күш қолданып, ірі көлемдегі ақшасын тартып алған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, үш күдіктіні ұстады. Олардың барлығы өз кінәларын мойындап, ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді.

«Қылмыскерлер болашақ құрбандармен байланыс орнату үшін онлайн платформаларды бірінші рет пайдаланып отырған жоқ. Біз ескертеміз: адамдармен желіде танысқан кезде өте сақ болыңыз. Таныс емес жерлерде кездесуге келіспеңіз, әсіресе пәтерге шақырған болса. Кішкене күмәніңіз болса, полицияға хабарласыңыз. Виртуалды кеңістікке сенім арту нағыз қауіпке айналуы мүмкін екенін ескертеміз», - деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы Талант Исаев.