Астанада жасөспірім лифтіде кішкентай балаға пышақпен шабуылдады
2025 ж. 11 ақпан
828
0

Әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үйлердің бірінің лифтінде белгісіз жасөспірімнің кішкентай балаға пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады.
Бұл деректі Астана қалалық полиция департаменті растады.
— Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Олар тәлім-тәрбие беру міндеттемелерін дұрыс орындамағаны үшін заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, — деп атап өтті ведомстводан.
Департамент мәліметінше, зардап шеккен сәби ауруханаға жатқызылып, қажетті медициналық көмек көрсетілді.
— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіппен оқшауланады, — делінген таратылған ақпаратта.