Оңтүстік Қазақстанда полицейдің адамды азаптағаны камераға түсіп қалды

Оңтүстік Қазақстанда полицейдің адамды азаптағаны камераға түсіп қалды

Жамбыл облысында прокурорлар қылмыстық іс бойынша күдіктіні азаптау фактісін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органының хабарлауынша, 29 қаңтарда бейнебақылау камераларын пайдалана отырып, азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын тексеру барысында Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарының қылмыс жасады деген күдіктіні азаптау фактісі анықталды.

"Прокуратура бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 2-бөлігі (қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас, азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Полиция қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.