"Қаңтар оқиғасында" қырғыз музыканты Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлер сотталды
2025 ж. 19 қаңтар
229
0
Алматы облысында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған 6 полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы облысы Қарасай аудандық сотынан қызметі мәлім еткендей, 2022 жылдың қаңтарында 44 жәбірленуші, оның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары полиция басқармасының арнайы қабылдағышына орналастырылды.
– Сотталушылар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, заңға қайшы әрекеттер жасады, нәтижесінде зардап шеккендер азапталды, – деп хабарлады Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметі.
Прокурор судьядан сотталушыларды кінәлі деп танып, оларды 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал, қорғаушы тарап сотталушыларды ақтауды сұрады.
Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденді.
– Сот үкімімен 6 полиция қызметкері 146-баптың 1-бөлігінде (2023 жылғы 17 наурызға дейін редакцияда) және ҚК-нің 362-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.