ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕДЕЛДІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ
2024 ж. 11 желтоқсан
570
0
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті https://www.kaznu.kz Орта Азия мемлекеттері бойынша жоғары оқу орындарының арасында өз имиджін қалыптастырған білім ордасы болып саналады. Әлемдік білім беру стандартына бейімделген заманауи білім бәсекелестікке қабілетті кәсіби мамандарды даярлауға ерекше басымдық береді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің даму стратегиясын, жаңашыл өнер тапқыш ғалымдарының, ғылыми жетістіктерінің қолданбалық мәнін көрсетіп насихаттау мақсатында жарияланатын имидждік мақалалардың мәні зор.
Қазіргі уақытта цифрлы технологияның дамуына байланысты теледидар, инсторгамм, фейсбук, телеграмм, сайт сынды әлеуметтік желілер сұранысқа ие болсада, басылымдық газет-журналдардың да орны ерекше. Бұл-имидждік мақалаларда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-діңм әртебесін кеңінен насихаттау үшін университеттің оқу үрдісіндегі жетістіктерімен қатар, жастардың азаматтық ұстанымын, патриоттық сана-сезімін жетілдіру мақсатында дайындық бөлімінде оқитын қандас тыңдаушыларымызға тәрбиелік-танымдық кештер, іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп баспасөздерде жарияланады. Факультетте жыл сайын 100-150-ге жуық мақалалалар жарық көріп отырады. Әлеуметтік желідегі жазбалар және сайттарда жариялап жарнамалау арқылы университетіміздегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлық бағыттары мен салаларын қамтып отыру мақсатында өткізілген жұмыстар, кафедра деңгейінде жүргізіліп бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таныстырылып отырады. Негізгі имидждік мақалалар жарияланатын газет-журналдар: «Қазақ университеті» газеті және «Әл-Фараби» журналы,Еліміздегі БАҚ-ында: «Түркі әлемі, Алматы Ақшамы, Қазақ үні, Ақиқат арнасы» т.б.Шетелдегі БАҚ-ында: «Жаңа дәуір,Заман газеті Монғолияда;Mardom Salari, Шамал апталығы Ауғанстанда;Согдийская Правда,Таджикстанда; Yuce erek Туркияда»және тағы басқа шетелдердежарық көруде. Бұндағы дайындық факультетінің мақсаты, шетелде жүрген қандастарды ұлттық университеттің өмірімен, тынысымен таныстыра отырып оқуға шақыру болып табылады. Қазіргі уақытта Философия және Саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасында түрлі конференциялары өтізілуде, докторанттармен бірге ғылыми жобаларға қатысып керемет нәжитеге қол жеткізуде. Жалпы, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде шетелден келген қандастар және шетелдік білім алушы тыңдаушылар болғандықтан, имидждік мақалаларды шет мемлекеттердегі БАҚ-ның арасында таралымы көп, деңгейі жоғары газет-журналдарына, әлеуметтік желілері мен сайттарына жариялап, шығарып отыруға тырысады.Бұл арнадағы мақсаты шетелдегі қандастар университет, факультет жайлы толық ақпарат алып танысуларына мүмкіндік береді. Атажұртындағы беделді оқу орнының мәртебесімен танысып, жоғарғы оқу орындарының арасындағы ерекшелігін ұғындыру арқылы шетелден келген қандастардың болашақта таңдайтын мамандықтарын,осы оқу орнында жалғастыруларына сенім ұялатады.Өзіне сай жоғары деңгейді, тартымды бейнелік имидждін қалыптастырған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і https://www.kaznu.kz көптеген бірегей тұлғаларды,кәсіби мамандарды, талантты жас ғалымдарды жетілдіріп шығару жолында еліміздің білім, ғылым, мәдениет, денсаулық, спорт саласына жоғарғы нәтижелерге үлес қосуда. Отандық білім беру саласында айрықша орны бар университеттің қабырғасында оқып, білім алу әрбір жастардың арманы.
Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі
филос.ғ.д., профессор
Кушербаева Алия Батырбекқызы
Дінтану 2 курс докторанты
ҚазҰУ
Философия және саясаттану факультеті