Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды

Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды

Алматы облысы Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, ол 4 қазан күні қайтыс болған Шерзат Полаттың ағасы. Ер адам алдын ала мәлімет бойынша өз-өзіне қол салған.

– Аталған жағдайы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге істің қылмыстық сипаты анықталған жоқ, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция департаментінде марқұм Ш.Полаттың отбасы осы уақыт бойы тәртіп сақшыларының қорғауында болғаны хабарланды. Сол күні күзетте болған полиция қызметкерлерінің айутынша, ер адам үйден 23:30-да шығып, өз көлігімен кетіп қалған.