Ш.Ниязов атындағы мектеп 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Ш.Ниязов атындағы мектеп 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Түркістан қаласындағы 1934 жылы бой көтерген Шарап Ниязов атындағы орта мектеп биылғы жылы 90 жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Осынау атаулы датаға орай қалалық білім бөлімі мен аталған мектептің ұжымы «Мектебім – мерейім» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Салтанатты кеш аясында Түркістан қаласы мәслихпатының Ғаппар Сәрсенбаев, Кәсіподақ кеңесінің төрайымы Гүлжан Әсілбаева, кезінде осынау білім ордасын басқарған Ергеш Төлегенұлы құттықтау сөз сөйлеп, білім шаңырағына толағай табыс тіледі. Ал қаладық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Маржан Қорғанбекова облыс орталығының бас ұстазы Оразкүл Шайхықызының арнайы алғыс хатын салтанатты түрде табыстады. Бүгінде білікті ұстаз Айдар Болатұлы басқаратын Шарап Ниязов атындағы орта мектепте 916 оқушы білім нәрімен сусындайды. Екі оқу ғимараты бар бұл мектепте 120 мұғалім қызмет атқарады. Алғашқы 1 қабатты ғимарат 1972 жылы 3 қабатты типтік мектеп 2013 жылы салынып, пайдалануға берілген 

2023-2024 оқу жылында мектеп қайта жаңғыра түсті. Олай дейтін себебіміз мектепте футбол, балейбол, баскетбол және жүгіру алаңлары салынды. Бұл салауатты өмір салтын ұстанатын, денсаулығы мықты ұрпақты тәрбиелеуге бастаған қадам. Ал мектептің үлкен спорт залы ағымдағы жылы жөндеуден өткізілді. Мектептің айналасы да қоршалып, толық нормаған сай жасалып, оқушылардың қауіпсіз білім алуына жағдай жасалған. Сондай-ақ, мпектептің негізгі кіреберісіне қазіргі заман талабына сай бақылау пункті орнатылды. Ал кіші спорт зал болса ағымдағы жөндеулен өткізілуде екен. 

Шарап Ниязов атындағы орта мектеп білім саласындда өте жоғары нәтиже көрсетіп келе жатқанын атап өту ләзім. Мектеп директорының сөзінше, биылғы жылы 9-шы сыныптың 9 оқушысы «Үздік аттестатқа», 11 сыныптардың 9 оқушысы «Алтын белгіге», 2 оқушысы «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. 

Мектеп мұғалімдерінің арасында 28 мұғалім «Педагог-зерттеуші», 37 мұғалім «Педагог сарапшы», 36 мұғалім «Педагог-модератор» санатына ие болған екен. Ал 11 мұғалім магистр дәрежесіне ие.

Салтанатты іс-шара барысында мектептің өнерлі өрендері әннен шашу шашып, би билеп, қонақтардың көңілін бір серпілтіп тастады.

Осы орайда мектептің тарихына аз-кем тоқтала кетуді жөн санадық.

  Оқу ордасы алғаш рет 1934 жылы «Ортақ» атындағы бастауыш мектеп ретінде алғашқы түлектерін қабылдай бастады. Бертін келе 1946 жылы орталау мектеп болып жұмысын жалғастырса, 1947 жылы қайта бастауыш мектеп болып өзгертілді. 1968 жылдан бастап сегіз жылдық мектепке айналып, қанатын кеңге жая бастады. 1969 жылы мектепке КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Шарап Ниязовтың есімі беріліп, 1973 жылдан бастап орта мектеп болып бекітілді. Осынау бір ғасырға жуық ғұмырында білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. 

Осынау 90 жылдық тарихы бар мектептің алғаш тізгінін ұстап, 1934-1942 жылдары басшылық жасаған тұңғыш директоры Мансуров Қасым Мансурович болды. 1942-1966 жылдары Жалилов Атахан Жалилович басшылық жасаса, 1966-1979 жылдары Алиев Турсунбай, 1979-1992 жылдар аралығында Ергеш Төлегенұлы Диметов, 1992-2010 жылдары Ажиметов Хикматулла Ибадуллаевич, 2010-2022 жылдарда Диметов Хусен Төлегенұлы директор қызметін атқарды. Бүгінгі таңда мектепті білікті басшы Айдар Болатұлы Масалиев басқаруда. Әр басшының мектептің даму жолында жасаған еңбегі ұшан-теңіз.

2014 жылы мектептің 5-11 сынып оқушылары 300 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді, ал ескі ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, қазіргі таңда бастауыш сыптар осы жерде білім алуда.

           1973-1992 жылдары мектепті 15 оқушы «Алтын медалмен», 2000-2024 жылдары 35 түлек «Алтын белгімен», 30 оқушы «Үздік аттестатпен» бітірген. Осы орайда оқушылардың жеткен жетістіктеріне тоқтала кетсек:

1. Облыстық «Ілияс оқулары» байқауының І орын жүлдегері Ахметжанова Шахзода

2. Облыстық «Балалық шаққа саяхат» фестивалінің ІІІ орын жеңімпазы және «Жас толқын» байқауының жүлдегері Смайылова Шадияна

3. Қалалық «Барыс бала» байқауының жеңімпазы Халыкова Гүлхан

4. «ОФАРИН-2023» облыстық ән байқауының жеңімпаздары Файзирахмон Оғабек және Ахметжанов Мухамадали

5. 2020 жылы Ұлттық мектеп лигасы «Былғары доп» футбол жарысында облыс көлемінде І орын 

6. Ұлттық мектеп лигасында «Былғары доп» футбол жарысында республикада «Үздік шабуылшы» номинация иегері Неметжанов Азамат 

7. 2022 жылы шахматтан облыстық жарыстың ІІ орын иегері Ильясов Дінмұхаммед

8. Шахматтан Түркістан облысы чемпионатының ІІІ орын иегері Абдураимова Динара

9. Футболдан 2011 жылғы туылған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының иегері Дадажанов Рахимжан

10.2022 жылы Облыс әкімі кубогында «Былғары доп» футбол жарысында Түркістан қаласының футбол командасында ойнап І орын жеңімпазы Неметжанов Атабек.

Ал, мұғалімдер жеткен жетістіктерін атап көрсетер болсақ, Бекжанова Айгерім «Ыбырай жазулары» облыстық байқауының қалалық кезеңінде І орын, Маннапова Саида Облыстық математика пәні мұғалімдері қауымдастығының шығармашылық байқауында І орын, Манапова Саида Математикалық Регатада І-орын, Сыздыкова Насиба Математикалық Регатада І-орын, Азимова Насиба Қалалық «Тілім – менің тірегім» байқауында эссе жазудан ІІ-орын, Пахриддинов Алимжан Педогогикалық идеялар фестивальінің қалалық кезеңінде ІІ- орын, Пахриддинов Алимжан «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында ІІ-орын, Абдурашидов Санжар «Ыбырай жазулары» облыстық байқауының қалалық кезеңінде ІІІ-орын, Бұхарбаева Гульнара «Ыбырай жазулары» облыстық байқауының қалалық кезеңінде ІІІ-орын алып өте жоғары нәтиже көрсетті.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші шәкірттеріне сапалы білім саналы тәрбие беріп биіктен көрінуіне мұрындық болып келе жатқан ұстаздар да жетерлік. Солардың бірі – Пахриддинов Алимжан «Алтын қыран» ерекше дарын иесі республикалық олимпиадала шәкірті жетістікпен көрініп өзі Алғыс хатпен марапатталды. Абдурашидов Саидкарим де білім жолындағы еселі еңбегі үшін Түркеістан облысының Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталған-ды. 

Ғасырға жуық тарихы бар Шарап Ниязов атындағы орта мектептің алар асуы алда деп есептейміз. 

Qazaquni.kz