Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы Батыс Қазақстан облысында
2024 ж. 25 қараша
254
0
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 11-15 қараша күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Батыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесті.
Аталған кездесулердің мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 21 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға Жидебаев Сұлтан Сабырбекұлы – Ақтөбе облысы, «Ихсан» орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры, дінтанушы, Кеңшілік Тышхан – Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ философия ғ.к., Разақов Нұрмұхаммет Шәмшіұлы – Ақтөбе облысы, Алға аудандық дін орталығының психолог маманы, Қалмазұлы Ринат – Атырау облысы, «Жәрдем-Атырау» ҚҚ теолог маманы – секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал қаласы және Ақжайық (Тайпақ және Қабыршақты ауылдары), Бәйтерек, Бөкей ордасы, Қаратөбе аудандарын аралап, тұрғындардың әртүрлі санаттарымен кездесті.
Кездесулер барысында «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүрдің өзара байланысы», «Дін мен мемлекет қатынастары және ҚР-ның дін саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік», «Діни экстремизм мен терроризм көріністері және оның алдын алу», «Діни және ұлттық бірегейлік», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Зайырлы мемлекеттегі діни қатынастар», «Діндар азаматтардың зайырлы қоғамдағы орны» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдері, жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар және ауыл тұрғындары секілді азаматтар қамтылды.