МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛІП, ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
2024 ж. 28 қазан
89
0
Республика күніне орай Полиция департаментінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің патриоттық сезімдерін нығайтып, мемлекетке адал қызмет етуде жауапкершілікті арттыру мақсатында маңызы зор іс-шара өтті. Яғни мемлекеттік ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.
Аталмыш шарада жас полицейлер департамент алаңында сап түзеді. Бабаларымыздан аманат ретінде қалған Қазақстанның ұлан-байтақ жері мен елін қорғауға салтанатты түрде ант берген жастарға Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Мақсат Асқаров жылы лебізін жеткізді.
- «Бүгіннен бастап полиция қатарына қосылдыңыздар. Алдағы уақытта тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қызмет етіп, нәтижелі еңбек ететіндеріңізге сенеміз!», - деп атап өтті.
Сондай-ақ жеке құрамға мереке тұрғындар үшін демалыс болғанымен, тәртіп сақшылары үшін жауапты күн екені баса айтылды. Сондықтан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді орындау, қызмет атқару кезінде заңдылықты сақтау талаптары жіті түсіндірілді.