«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы үндеу жасады
2024 ж. 10 қыркүйек
1403
0
Біз, «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы тәуелсіз қоғамдық бақылаушылар ретінде Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі республикалық референдумға қатысуға ниетті екенімізді мәлімдейміз.
Тәуелсіз қоғамдық ұйым ретінде біз референдумның әділ, ашық өтуіне мүдделі екенімізді атап өтеміз және саяси науқанға белсене қатыса отырып, референдумда дауыс беру барысын объективті бақылауға ниетті екенімізді білдіреміз.Алдағы референдум – еліміз үшін тарихи сәт және әрбір қазақстандықтың үні естіліп, ескерілуі үшін әрбір сайлау учаскесінде болу парызымыз деп санаймыз. Бүгінде «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы дауыс беру барысын бақылап қана қоймай, қоғамды референдумға қатысудың маңыздылығы туралы түсіндіруге белсенді қатысуға дайын жүздеген жанашыр қазақстандықтардан тұрады. Халық қалауының нәтижесі халқымыздың шынайы мүддесін көрсететініне сенімдіміз.Алдағы референдумның сапасы, ашықтығы мен әділдігі Қазақстанның одан әрі тұрақты және табысты қоғамдық-саяси дамуының кепілі болмақ.