Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Ақтөбе облысына іс-сапар жасады

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Ақтөбе облысына іс-сапар жасады

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 12-16 тамыз күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Ақтөбе облысына іс-сапар жасады. 

Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. 

Аталған бағытта жалпы саны 21 іс-шара ұйымдастырылып, 600-ден астам адам қамтылды. 


Аталған іс-шараға: Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы – Алматы қаласы, «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы, теология ғ.PhD доктор; Қалманов Мейірбек Камалбекұлы – Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС теолог маманы; Амангельдиев Азамат Мейіржанұлы – Ақтөбе қаласы, «Ихсан» орталығы ҚБ теолог маманы, Жидебаев Сұлтан Сабырбекұлы – Ақтөбе қаласы, «Ихсан» орталығы ҚБ директоры, Сәрсембин Умбеткан Куандыкович – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты. 

Түсіндіру тобының мүшелері Ақтөбе қаласы мен Алға, Хромтау (Ақжар, Бөгетсай ауылдары) аудандарын аралап, халық арасында «Жасөспірімдерді теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру», «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға кері әсері», «Дін және зайырлылық», «Рухани-адамгершілік құндылықтар», «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.   

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мемлекеттік қызметшілер, мектеп мұғалімдері, ауыл тұрғындары, өндіріс және кәсіпорын қызметшілері мен түзету мекемесінде жазасын өтеушілер және т.б. тұрғындар қамтылды