Келелі кездесу өтті
2024 ж. 10 тамыз
489
0
Бүгін Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Айда Ғалымқызы Балаевамен кездесті.
Кездесуде биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі Жазушылар Одағымен стратегиялық әріптестік аясында «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі», «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» және «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобаларын бірлесе жүзеге асыру туралды мәселелер жөнінде сөз болды. Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдық мерейтойы, қазақтың көрнекті классик жазушылары Бердібек Соқпақбаев, Ілияс Жансүгіров, Әбіш Кекілбаев, Фәриза Оңғарсынова, Оспанхан Әубәкіров, Герольд Бельгер, Әбдіжәміл Нұрпейісовтердің мерейойларын өткізу үшін бірлескен іс-шаралар жоспарын да талқылады.
Сондай-ақ, Жазушылар одағының 90 жылдығына орай Абай, Түркістан, Атырау облыстарында және Астана, Алматы қалаларында түрлі тақырыптарда арнайы мерекелік пленумдар және күз айларының бірі – қарашада 90 жылдыққа орай мерейтойлық салтанатты жиын өтетіні жөнінде де сөз болды.
Кездесу барасында Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов Жазушылар одағының жаңа шығармашылық жобалары мен әдебиеттегі қазіргі өзекті мәселелерді ортаға салып, мемлекет тарапынан қаламгерлер қауымына көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылығын білдірді.