Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізілді

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізілді

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 8-12 шілде күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Абай облысына іс-сапар жасады. 

Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда деструктивті діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. 

Аталған бағытта жалпы саны 22 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды. 


Аталған іс-шараға: Павлодар облысы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС-нің директоры – Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы, Абай облысы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры – Өмірханов Мақсат Ерланұлы, ШҚО «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы – Қанапиянов Ернұр Болатбекұлы, Абай облысы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы –Ботаханов Мақсат Дүйсенбекұлы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты. 

Түсіндіру тобының мүшелері Семей қаласы және Үржар (Таскескен, Елтай, Бестерек ауылдары), Бородулиха (Новопокровка, Дмитриевка ауылдары), мен Мақаншы аудандарын аралап, халық арасында «Діни экстремизмге құқықтық қарсылық», «Теріс діни ұйымдардың психологиялық әсер ету тәсілдері», «Радикалды діни ағымдардың құрбаны болма!», «Теріс діни ұйымдардың идеологиясынан сақтану» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, жұмыссыз жастар мен өзін-өзі қамтушылар және т.б. тұрғындар қамтылды. 

Ақжан Ғұмар