Қазақ киносының Шәкені

Қазақ киносының Шәкені

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен КСРО халық әртісі, театр және кино актері, режиссер Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ киносының Шәкені» атты мәдени іс-шара өтті. Кездесу Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатымен телекөпір форматында жүргізілді. Кеш қонақтары «Оңтүстікфильм» мекемесінің директоры Райхан Дәрменқызы, Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ақтөре Мейіржанұлы, дәстүрлі әнші, термеші, Мәдениет саласының үздігі Аязбек Абдыбекұлы, Шәкен Айманов атындағы мұражай жетекшісі Ержан Бақтыбайұлы, Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Елмира Мергенбайқызы, Шәкен Аймановтың немере інісі Тоғжан Мұзафарұлы Zoom платформасы арқылы тікелей эфирге қосылды. Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 11сынып оқушысы жас ақын Қанаш Ернұр арнау оқыды. Кеш барысында дәстүрлі әнші Аязбек Абдыбекұлы «Транссібір экспресі» фильміндегі Шәкен Аймановтың өзі шырқаған «Жиырма бес», «Екі жирен» әндерін нақышына келтіре орындады. Немере інісі Тоғжан Мұзафарұлы ағасы туралы жағымды естеліктерімен бөлісті.