Тұлғалар тарихы

Тұлғалар тарихы

 Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына оның өмірі туралы былай деп жазады. «Бердібек Соқпақбаев – балалар жазушысы, ақын, сценарист. Ол 1924 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында кедей отбасында дүниеге келген. Білімге деген сүйіспеншілікті ағасы Сатылған сіңірген. 8жасында анасынан айырылып, балалық шағынан бастап көп қиындық көрді. Ауыр жұмысқа да, аштыққа да төзе білді. Бұл кезеңді «Балалық шаққа саяхат» \1960 ж.\ әңгімесінде керемет суреттеген. Жергілікті мектепті тәмамдаған соң, әскерге аттанды. Одан кейін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты және Мәскеу жоғары әдеби курсын оқып бітірді. «Қазақфильм» киностудиясында, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» газет-журанлдарында редакторболып қызмет атқарған. Жазушылық жолын 1950 жылы жарық көрген өлеңдер жинағынан бастады. 1951 жылы келесі кітабы «Чемпион» повесі жарияланды. Бердібек Соқпабаевтың ең танымал туындысы «Менің атым Қожа» хикаяты. Бұл кітап Франция, Польша, Чехославакия, Болгария елдерінде басып шығарылып, әлемнің 68 тіліне аударылған. Оның сценарийі бойынша 1967 жылы «Менің атым Қожа» көркем фильмі түсіріліп, Канн халықаралық кинофестивалінде жүлделі орынға ие болды. Б. Соқпақбаевтың шығармалары көбіне жас балаларға арналған. Оны бала тәрбиесінің күрделі мәселелері үнемі мазалайтын. Жазушының «Он алты жасар чемпион» \1951 ж.\, «Бақыт жолы», \1957ж.\, «Өзім туралы повесть» \1957 ж.\, хикаяттары жасөпірімдердің ғана емес,ересек оқырмандардың да көңілінен шықты. Соңғы еңектерінің бірі «Қайдасың, Гауһар» атты махаббат туралы әңгімесімен көптеген адамдардың жанын тербетті. Атақты жазушы 1991 жылы 24 шілдеде қала сыртындағы саяжайында қайтыс болды. Бердібек Соқпақбаевтың өліміне қатысты қоғамда әртүрлі пікірлер бар», дейді.