ТАТУЛЫҚ – ЫРЫС ТҰҒЫРЫ

ТАТУЛЫҚ – ЫРЫС ТҰҒЫРЫ

Бүгін 1 мамыр – Бірлік күні мерекесіне орай, «Татулық – ырыс тұғыры» тақырыбында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы мен Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевтың этнос өкілдерімен кездесуі өтті. 

Аталған іс-шараға Түркістан қаласындағы Өзбек этномәдени орталығы мүшелері, Түрік этномәдени орталығының мүшелері, Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері және Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері де қатысты. Мемлекет дамуы үшін ең әуелі халықтың ауызбірлігі маңызды. Ынтымағы жарасқан елде береке-бірлік болады. Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылы 18 қазан күні 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі мен татулығы күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Сол уақыттан бері 1 мамыр Татулық пен Бірлік мерекесі ретінде мерекеленіп келеді. Осы мақсатта Түркістан қаласының әкімдігі ел ынтымағын жарастырып жүрген этнос өкілдерін шақырып, келелі әңгіме өрбітті. Алғашқы сөз кезегі Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы Сәрсенбаевқа берілді. Келесі кезекте Түркістан қаласындағы Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Қошқаров Райымжан, Түрік этномәдени орталығының төрағасы Медетов Усейн этностардың қоғамдағы орны туралы сөз сөйледі.  

Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Түркістан қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Джамалов Дильмурад атаның сөзі тыңдалып, одан кейін Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құлбайымбетов Жарқынбекке сөз берілді. 

Жиын соңында түрлі этнос өкілдеріне Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін марапаттар табысталды.