Бейнеулік жанұя Құлсарыдан келген 8 отбасын өз үйіне орналастырды

Бейнеулік жанұя Құлсарыдан келген 8 отбасын өз үйіне орналастырды

Игі іске үй-іші түгел жұмылған. Олар 30 шақты адамды үш мезгіл аспен, жылы орынмен қамтыды.

Бұл туралы «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонында айтылды.

10 республикалық арнадан көрсетілетін шараның басты кейіпкерлері –  табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар. Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытқан ел тұрғындары бар.

Онлайн трансляция 𝐪𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧.𝐭𝐯 сайты мен 𝐅𝐚𝐜𝐞𝐛𝐨𝐨𝐤, 𝐘𝐨𝐮𝐓𝐮𝐛𝐞, Instagram, TikTok желісіндегі ресми аккаунттарымызда жүргізіледі.

Шара сағат 22:00-ге дейін жалғасады.