Жетісайда Саттар Ерубаевтың ескерткіш-бюсті ашылды

Жетісайда Саттар Ерубаевтың ескерткіш-бюсті ашылды

   Түркістан облысы, Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Саттар Ерубаев атындағы мектебінде жазушыға ескерткіш-бюст орнатылды. 

Саттар Асқарұлы Ерубаев \1914-1937ж.\ оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған.Ол ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. Түркістан жетіжылдық мектебін бітіріп, аудандық комсомол комитетінде біраз уақыт қызмет істеген. Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсуге даярлайтын дайындық курсынан кейін, сол кездегі Ленинград қаласындағы тарихфилософиялингвистика институтын бітірген. Саттар Ерубаев сол уақыттағы «Лениншіл жас» қазіргі «Жас Алаш», «Қарағанды пролетариаты» басылымында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Ол өзінің «Менің құрдастарым» романының материалдарын сол жердегі өмірден жинақтап жазған екен. Қазақстан кеңес жазушылары одағының 1 сезіне делегат болып қатысып, одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі. 

Саттар Асқарұлы Ерубаев суреттемеочерк, публицистика, өлеңжыр, баллада, эпиграмма, пародиялары арқылы туған әдебиеті тарихына өшпес із қалдырған жазушы. Ұрпағы оның есімін жастар санасына сіңіру мақсатында ескерткіш ашты. Оны ашуға демеушілік жасаған Бауыржан Оңғарбаев жергілікті меценат. Ол Саттар Ерубаев атындағы мектеп оқушыларына алғыс хаттар, көтерме қаржы беріп, ұстаздарды да марапаттады