Ғасыр ғұламасы – Сәтбаев

Ғасыр ғұламасы – Сәтбаев

 Созақ ауданы Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия базасында қазақ елінің тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты іс-шаралар жоспары бойынша «Ғасыр ғұламасы – Қ.Сәтбаев» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.

Қ. Сәтбаевтың еңбектері мен ұлт үшін жасаған ұлы істерін сан қырлы ғылымға қосқан үлесін білім алушыларға кеңінен насихаттай отырып, педагогтердің өзара тәжірибе алмасу арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру мәселелерін шешу. Тұлғаны дамыту мақсатында өткен шараға аудан мектептерінен педагогтер қатысты. Олар өзара ой-пікір алмасып, білім сайыстырды. Академик Қ. Сәтбаевтың ғылым жолына үңіліп, оның тау –кен инженері қызметінің қиындықтары туралы оқушылар танып-білді. Семинар барысында сыныптан тыс жұмыстар және биология, алгебра, география, физика, Қзақстан тарихы, ағылшын тілі, әдебиеттік оқу пәндері бойынша ашық сабақтар жүргізілді. Іс-шара соңында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, кері байланыс арқылы ұсыныстар қабылданды