Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір жұртшылығын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір жұртшылығын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңір жұртшылығын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті жерлестер! Қадірлі ағайын!

Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. 

Айт қабыл болсын. 

Ораза айт мерекесі әрбір адамның жүрегіне иман сәулесін шашып, адамгершілікке үндейді. Жақсылығымызды асырып, қоғамдағы игі істерге және бастамаларға жұмылдырады. Осы арқылы халқымыздың береке-бірлігін нығайтып, өзара сыйластық пен ырыс-ынтымағымызды арттырады. 

Қазақстан – түрлі дін өкілдері мен түрлі ұлт өкілдері қатар өмір сүріп жатқан киелі шаңырақ. Түрлі ұлт пен дін өкілдерінің сеніміне құрметпен қарап, адамгершілік және толеранттылық танытуы –халқымыздың ізгі қасиеттерінің бірі. 

Құрметті ағайын!

Алла Тағала отыз күн бойы ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, жәрдемге мұқтаж жандарға үлестірген садақамызды қабыл еткей.

Әр отбасына амандық, жақсылық тілеймін. Оразадан оразаға, айттан айтқа аман-есен жете берейік. Еліміздің кей өңірлерінде болып жатқан су тасқынындағы қиындықтар артта қалып, мерекелі, берекелі сәттерде жүздесуді нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.