ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ һәм ҚАЗАҚ ТІЛІ

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ һәм ҚАЗАҚ ТІЛІ

Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да тіл түйткіліне тоқталды. Мемлекет басшысы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты екенін атап өтті. 

 «Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық.Қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түсті. Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында.Ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тіліміздің тұғырын нығайта береміз. Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды. Ең бастысы, нақты іс болуы керек», деді Мемлекет басшысы. 

Президент «Қазақ тілі қоғамын» да ерекше атап өтті. Рауан Кенжеханұлы басқаратын ұйымның «Qazaq tili» эндаумент қорын құру туралы ұсынысын қолдағанын айтты.Ал еліміздің жайсаңдары жақсы бастаманы жалғастырып әкетті. Тілімізге қамқорлық танытқан жандарға ерекше ризашылығымды білдіремін, деді Тоқаев. 

Қостанай облысының жанашыр азаматтары қорға қомақты үлес қосады деп үміттенеміз. 

Мемлекет басшысы: «Мен экономиканы дамыту үшін «Креативті индустрияның» мән-маңызы зор екенін үнемі айтып жүрмін. Бұл мемлекеттік тілдің болашағы үшін де өте маңызды. Қазақ тілін дамытамыз десек, қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерді барынша тиімді пайдаланған дұрыс».

Заңғар Санай,

Фейсбук парақшасынан