Пошта қызметкері қазақ тілін білмегені үшін жұмыстан қуылды

Пошта қызметкері қазақ тілін білмегені үшін жұмыстан қуылды

«Қазпошта» қызметкері қазақ тілін білмегені үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz. Тұтынушы одан билет алу үшін қажетті көмек көрсетуді өтініп қазақ тілінде жүгінген.

Жұмыстан босатылған қызметкердің есімі Ирина Алексеевна қызмет алушының түсінбей, күзетшіні шақыруға мәжбүр болған. Бұл қызметкердің осы логистикалық құрылым қызметкерлеріне қойылатын талаптарды толық орындамайтынын көрсетеді. Нәтижесінде, Ирина Дятенко мемлекеттік тілді білмегені үшін жұмыстан шығарылды.

Ал бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихында «Мемлекеттік тіл туралы» Заңның талаптарын сақтау керектігін сөзбен емес, іспен көрсетіп отырған бірінші жағдай, деп жазды Altyn-Orda.kz.