Оралда құрғақ шөп пен қоқыс алаңы өртенді
2022 ж. 28 тамыз
730
0
Оралда құрғақ шөп пен қоқыс алаңы өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 27 тамыз күні Сырым Датұлы көшесі бойында орналасқан «Жайық Таза қала» ЖШС карьері аумағында болды.
«Сағат 18.25-те құрғақ шөп пен бұталар жанған. Содан кейін жалын шамамен 1 гектар аумақтағы қоқыс алаңына ауысқан. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінен 20 адам, 5 техника және «Жайық Таза қала« ЖШС күші (34 адам, 19 техника) жұмылдырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ», деп хабарлады ведомстводан.