Қазақстан мен Өзбекстан шекараны демаркациялау туралы келісім жобасын мақұлдады
2022 ж. 08 тамыз
1632
0
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы шекара ұзындығы 2,1 мың шақырымнан асады, оны демаркациялау бойынша келіссөздер 2003 жылы қолға алынып, бұл бағыттағы жұмыстар 2017 жылы жандана түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы 25 шілде – 5 тамыз кезеңінде Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт жобасының мәтінін келісуді және шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының пакетін қалыптастыруды аяқтады.
Келесі кездесу Өзбекстан Республикасында дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімдерде өтеді.