Мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген «НҰРБАНК» пен «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ескерту алды
2022 ж. 08 маусым
1717
1
Ақтөбе тіл басқармасы М.Ысқақов «Jusan Bank», «Нұрбанк» және «Қазақтелеком» сынды қызмет көрсету нысандарына барып, мекеме ішіндегі көрнекі ақпарат пен деректеме тілін зерделеді.
«Jusan Bank» АҚ-ның Ақтөбе облысындағы филиалдарында бірқатар кемшіліктер анықталып, филиал қызметкерлері көрсетілген кемшіліктерді 3 тәулік ішінде түзеткен. Дегенмен, мемлекеттік тілде берілетін түбіртекте орфографиялық кемшіліктер анықталып, бұл бағытта да тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ал, «Нұрбанк» банкоматтары мемлекеттік тілде қызмет көрсетпейтіні анықталды. Бұл мәселе бойынша банктің Нұр-Сұлтан қаласындағы бас кеңсесіне тиісті қызметтік хат жолданды.
Өкінішке орай «Қазақтелеком» ғимаратында да тіл заңының талаптары сақталмағыны анықталып, мекеме басқармасының басшысына ескерту жасады. Қазіргі уақытта Ақтөбедегі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының облыстық филиалы тарапынан көрнекі ақпарат құралдарын заң талаптарына сәйкестендіруге бағытталған жұмыстар жүргізуде.