Путин Донбаста арнайы әскери операция өтетінін жариялады
2022 ж. 24 ақпан
1373
0

Ресей Президенті Владимир Путин Донбасс республикалары басшыларының (Ресейден өзге ел мойындамаған-ред.) өтінішіне жауап ретінде арнайы операция жүргізу керек деген шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Бұл туралы ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Донбастағы республикалардың басшылары (Ресейден өзге ел мойындамаған-ред.) көмек сұрады. Осыған байланысты мен арнайы операция жүргізу керек деген шешім қабылдадым»,-деді Владимир Путин телеүндеуінде.