«Бомба қойған»: Ердоғанға қастандық жасамақ болғандардың жолы кесілді
2021 ж. 05 желтоқсан
1610
4
Түркияның қауіпсіздік күштері президент Режеп Тайып Ердоғанның митингісі өтіп жатқан Сиирт қаласында жарылғыш затты жойды. Бұл туралы Gumhuriyet басылымына сілтеме жасап «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басылымда аталып өткендей, митингіде қауіпсіздікті қамтамасыз еткен полицей көлігінің астынан қашықтан басқарылатын бомба табылған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қастандық жасамақ болған адамдар іздестірілуде.
Сиирт қаласы елдің оңтүстік-шығысында орналасқан. Түркия президенті бұл қалаға өз жақтастары алдында сөз сөйлеу үшін келген.