ШҚО-да 140 млн теңгенің субсидиясын заңсыз алу дерегі ашылды
2021 ж. 30 қараша
1061
0
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті бірқатар үлестес кәсіпорын басшыларына қатысты субсидияларды заңсыз алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды "Қазақ үні" .
ЖШС басшыларының бірі 2019-2020 жылдар аралығында «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалпы сомасы 140 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алған.
Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы үлестес кәсіпорындармен 1000-нан астам асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу туралы жалған шарттар ұсынған.
Ұйымдастырушы қамауға алынды.
Тергеу жүргізілуде, басқа ақпарат жария етілмейді.