"Оқушыны 17 еркек зорлады". Тұрғымбаев тексеру міндетті деді
2021 ж. 03 қараша
1156
0
Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 17 ер адам зорлады делінген Сарыағаштағы оқушыға қатысты іс туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сіз оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе? Қыз жоғалып кетті, ол 1 күн бойы іздестірілді. Жедел іс-шаралар барысында табылып, анасына қайтарылды. Сол күні шағымдар мен өтініштер болған жоқ. Бір күннен кейін шағым түсті. Содан кейін қыздың анасы нотариалды куәландырылған мәлімдемеден бас тартты. Бірнеше күннен кейін ғана әлеуметтік желіде 17 ер адамды зорлады деген мәлімдеме пайда болды, – деді ІІМ басшысы Мәжіліте.
Оның айтуынша, аталған іс бойынша арыз тіркелген.
Біз тексеруге міндеттіміз. Жәбірленушіге қатысты бірқатар медициналық сараптамалар жүргізіледі. Тексеру нәтижесі бойынша шешім қабылданады, - деді министр.