Мемлекеттің қарызы халыққа кредит түрінде рәсімделе ме?
2021 ж. 27 қазан
1128
0
Қазнетте қазақстандықтардың елдің сыртқы қарызын өтейді деген хабарлама таралды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақпаратқа сәйкес, қарыз елдің барлық азаматтары арасында бөлінеді, оны әр ересек адамға несие түрінде рәсімдейді. Мұндай ұсынысты Қаржы министрі ұсынды, ал Мемлекет басшысы оны қолдады делінген.
Stopfake.kz. хабарлағандай, бұл жаңалықтың түпнұсқасы сатиралық Instagram аккаунттарының бірінде жарияланған.
"Бұл парақшада тексерілген жаңалықтар жарияланбайды. Тек сатиралық контент пен Қазақстан туралы фейк-ньюс орналастырылады", - делінген басылымда.
Елдің сыртқы қарызын азаматтар төлейтіні туралы хабар - жалған ақпарат.