Әрбір бесінші мектепте санитарлық талап сақталмаған – Ералы Тоғжанов
2021 ж. 19 қазан
1800
0
Еліміздің әрбір бесінші мектебінде санитарлық талаптар сақталмаған. Осы орайда Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов жергілікті атқарушы органдарға жағдайды реттеуді тапсырды.
Сондай-ақ вице-премьер-министр Нұр-сұлтан қаласы, Маңғыстау мен Қостанай облыстарында халықты вакциналау деңгейі төмен екенін жеткізді. Аталған аймақтардағы көрсеткіш қыркүйектің бірінен бастап 10-13 проценттен аспайды.
Ералы Тоғжановтың айтуынша, ведомствоаралық комиссия отырыстарында екпе салу қарқынын арттыру мәселесі бірнеше рет қозғалғанымен, кейбір әкімдік әлі де немқұрайлық танытып отырғаны байқалады.
Түйітклді шешу үшін жауапты органдар түбегейлі шаралар қабылдауы тиіс. Әйтпесе жетекші әкім орынбасарларына қатысты тәртіптік жазалар қолданылуы әбден мүмкін.