Жамбыл облысындағы әскери қоймада тағы да жарылыс болды
2021 ж. 11 қазан
1023
0
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы әскери қоймада тағы да жарылыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
2021 жылдың 10 қазанында сағат 7.20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді. Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта орын алды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты, делінеді Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Министрлік алдағы уақытта да мұндай жағдайлар орын алу мүмкін де ескертеді.
Сонымен қатар, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасуда.