Жамбылда қаза тапқан құтқарушылардың әрбірінің отбасына 20 млн теңгеден беріледі
2021 ж. 27 қыркүйек
856
0
Тараздағы жарылыстар кезінде қаза тапқан әрбір құтқарушының отбасына 20 миллион теңгеден беріледі, деп хабарлайды zakon.kz.
Одан бөлек, сақтандыру төлемдері қарастырылған.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин "Хабар 24" телеарнасындағы "Национальный интерес" бағдарламасына берген сұқбатында айтты.
Ол қаза тапқандарға берілетін материалдық көмектің қалай берілетінін, сомасы қанша болатынын түсіндірді.
Орын алған оқиғаға байланысты бүгін Үкімет қайтыс болғандардың әрбірінің отбасына 10 миллион теңгеден аудару туралы шешім қабылдады. Одан бөлек 5 миллион теңге жергілікті бюджеттен бөлінеді. Біз бір күндік жалақымызды өз еркімізбен аудардық. Одан соң емделіп жатқандарға да ақша жиналды, яғни 5 миллион теңге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан ұсынылатыны, өз еркімен жинағандардың ақщасы. Мемлекет тарапынан бізде міндетті сақтандыру жағдайының орын алғанында беріледі, бұл 60 айлық ақшалай жәрдемақы. Ол қаза тапқандардың отбасыларына төленетін болады. Бұл арада көптеген нюанстар бар, мұрагерлік құқықты анықтау қжет болады, сонда заңды өкіл бұл көмекті ала алады, - деп сөзін қорытындылады министр.
Айта кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт болды. 17 адам қаза тапты.
Ішкі істер министрлігі ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабы, "Қару-жарақпен, сондай-ақ басқаларға қауіп төндіретін заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Әлеуметтік желілерде жалған ақпараттың таралуына байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 274-бабы, "Біле тұра жалған ақпарат тарату" бойынша да қылмыстық іс қозғалды.