Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды
2021 ж. 21 қыркүйек
1240
0
Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желідегі парақшасында жазды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус штамдарының айналымын анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізді.
Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штаммдар айналымы белгіленген (Delta «Үнді штаммы» - 57 (59,4%), Alpha «Британдық» - 24 (25%), «Ухань» коронавирусы - 10 (10,4%) және eta «Нигерия» - 5 (5,2%)). Eta «Нигерия» штаммының айналымы 4 өңірде айқындалды (Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1).
«Eta» штаммның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша «Eta» штаммы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штаммдарға жатады.
Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығын және жақындары мен туыстарының денсаулығын сақтауға қамқорлықпен қарауға шақырады. Инфекциядан және ауруханаға жатқызудан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі - COVID19 вакцинациясының аяқталған курсы. Сондай-ақ, вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын-алу шараларын сақтау қажет: маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және т.б.