Азат Перуашев Қарағандыда кәсіпкерлермен өзекті мәселелерді талқылады
2021 ж. 28 тамыз
1891
0
«Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қарағанды қаласында кәсіпкерлермен жүздесіп, бірақатар өзекті мәселелерді назарға алды.
Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мысалы, жергілікті мейрамхана бизнесінің өкілдері отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды алып тастауды талап етіп, өз тарапынан міндеттемелер бойынша ұсыныстар пакетін дайындады (қызметкерлерді 100% вакцинациялау, "Ашық", үй-жайларды дезинфекциялау, келушілер толымдылығы 30-50%-дан аспайды, бір келушіге 4 м2-ден кем емес және т.б.).
Рестораторлардың айтуынша, пандемияның алғашқы күндерінен бастап олар өздері карантиндік шараларға белсенді түрде ықпал етті, жұмыстарын тоқтатып, жұмыс істемейтін қызметкерлерге жинақтарынан жалақы төлеуді жалғастырды; ауруханаларға оттегі концентраторларын, қорғаныс құралдарын сатып алуға көмектесті; бүгінде олар мұқтаж адамдарға қымбат дәрі-дәрмектер мен азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы көмектесуді жалғастыруда.
Бірақ жағдайда өзгеріс жоқ. Жинағандары таусылуда. Барлығының да күнделікті шығындары, отбасылары, балалары бар.
- Осыған байланысты мемлекет мейрамхана бизнесінің өмір сүруі немесе жойылуы, отбасылық іс-шаралардың болуы немесе болмауы туралы түпкілікті шешім қабылдауы керек. Егер жоқ деген жауап болса, ғимараттарды одан әрі пайдалану, оларды жаңа мақсатқа: мектептер, ауруханалар, спорт мекемелеріне қайта жабдықтау туралы шешім қабылдауға көмектесу керек, - деп жазды А. Перуашев өзінің телеграм каналында.
Оның сөзінше, егер оң шешім қабылданған жағдайда, қажетті реттеуді жүргізе отырып, қызметтерді қалыпқа келтіру керек.
- Шенеуніктердің нақты шешім қабылдайтын сәті келді. Кәсіпкерлер форс-мажорды ресми түрде мойындап, кем дегенде тоқтап тұрған ШОБ объектілері бойынша коммуналдық төлемдерге жұмсалатын және басқа да шығындарды өтеу керек деп санайды.
Бұл бағалаудың өз себебі бар деп ойлаймын. Сондай-ақ тыйым салудан гөрі реттеу жолдарын қарастырумен келісемін. Сонымен қатар, іс жүзінде тыйымдар ешқашан жұмыс істеп жатқан жоқ: Горбачевтің 1985 жылғы алкогольге қарсы науқанын еске алыңыз, адамдар суррагатпен жаппай уланып, тойлары жерлеу рәсіміне айналған болатын, - деді депутат.
Сонымен қатар, Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұловтан Үкіметке осы мәселе бойынша сауалдар мен ұсыныстар дайындауды сұрағанын тілге тиек етті.
Кездесу аясында "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы 20 жаңа мүшеге партия билеттерін табыс етті.
Өз кезегінде жастар "Сен өз отаныңа керексің" қағидасы бойынша елден "ақылдылардың көшуін" қысқарту бойынша форум өткізуді ұсынды.