Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновпен бірге қаланы абаттандыру мәселелерін талқылады
2021 ж. 26 тамыз
1362
0
«Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен бірге қала тұрғындарының қаланы абаттандыру мен қалалық ортаны дамытудың өзекті мәселелері жөніндегі өтініштерін талқылады.
Атап айтқанда, сайлаушылардың аулаларды абаттандыру және көгалдандыру проблемалары, магистральдарды төсеу және жөндеу барысында пайда болған қолайсыздықтар мен ретсіздік, сондай-ақ қаланың аудандарының ішіндегі көшелер мен тұйық көшелерінің жай-күйі мен асфальтталуы наразылық тудырады.
Партияның Орталық офисіне, сондай-ақ «Ақ жол» партиясының астаналық филиалына цокольдық қабаттарда орналасқан шағын және орта бизнес нысандарының өтпе жолдардың бұзылуынан және қажетті инфрақұрылымның болмауынан келушілердің өз қызметтеріне қалыпты қол жеткізе алмауы туралы өтініштері легі келіп жатыр.
Қазірдің өзінде кәсіпкерліктің бұл секторы пандемияға байланысты ұйымдастырушылық қиындықтар мен шектеулерді бастан кешуде, көбісі кәсіптерін жауып тастауға мәжбүр.
Елорда әкімі депутатты қаланың проблемалық нысандары мен аудандарын аралап шығуға шақырды. Аралау барысында әкім мен депутат бірқатар бұзылған көшелерді қайта жөндеу барысын бақылады.
А.Көлгінов түсіндіргендей, қалада жолдарды жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде: ағымдағы жылы әкімдік 115 көшені салып, қалпына келтіреді деп жоспарлауда.
Сонымен қатар, Мақсат Раманқұлов «Ақ жол» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Абзал Әбеновтың анықтамасы негізінде әкімнің назарын аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерінің Е52 және Е41 көшелерінің проблемаларын шешуге аударды. Мұнда жолдың жаман жағдайына байланысты жауын-шашын кезінде тұрғын үйлер мен ШОБ объектілеріне жүріп-тұру өте қиын болады. Сонымен қатар, қаланың лас секторларынан шығатын автокөліктермен орталық көшелерді ластау проблемасы туындайды.
Кездесу қорытындысы бойынша, қала басшылығы қысқа мерзімде жоғарыда аталған көшелердің құрылысын жеделдететінін мәлімдеді.
«Ақ жол» демократиялық партиясы адал бәсекелестік пен бизнесті дамыту қажеттігін үнемі атап көрсетеді. Осыған байланысты Мақсат Раманқұлов мердігер ұйым мен жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының бастығы Жансұлтан Сапарбаевтың назарын орындалатын жұмыстардың сапасына аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 15 қазанында қала бойынша бақылау өткізу туралы шешім қабылданды.