Президент Пусан қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды
2021 ж. 23 тамыз
1083
0
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
«Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», делінген құжатта.