Қазыбек Иса қандастармен кездесті
2021 ж. 12 тамыз
1899
1
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Қазыбек Иса Шымкент қаласындағы «Асар» шағын ауданында тұратын қандастарымызбен кездесті.
Мәжіліс депутаттарының аймақтарды аралауы жалғасуда. Ағымдағы жылдың 11 тамыз күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, « Ақ жол» фракциясының мүшесі Қазыбек Жарылқасынұлы Иса Шымкент қаласына ат басын бұрды. Парламент депутаты Шымкент қаласында орналасқан «Асар» шағын ауданына барып халықпен кездесу өткізді. Халық қалаулысымен кездесуге ауыл ақсақалдары, ұстаздар, медицина саласының мамандары, кәсіпкерлер, жастар және «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының ұжымы мен Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Н.Н. Төлегенов қатысты. Бұл кездесудің негізгі мақсаты халық алдында оның Парламент Мәжілісінде жасаған жұмысының есебі болды және елдегі азаматтардың жағдайын көзбен көру, жергілікті тұрғындардың негізгі проблемалық мәселелерін анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асуына қолдау білдіру, сонымен бірге ашық пікір алмасу болды.
Шымкент қаласында қандас бауырларымыздың қатары көп, олардың көбісі « Асар» шағын ауданында қоныстаған. 2006 жылы « Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 300 гектар жер аумағына қандастар үшін екі қабатты коттедждер салына бастаған. Ал 2008 жылы асарлықтарды жаңа қонысымен құттықтауға Елбасы арнайы келіп, қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігін өз көзімен көрді. Бұл шағын ауданда 20 мыңға жуық қандастарымыз тұрады. Қазіргі таңда қандастарымыз үшін барлық жағдай жасалынған, шағын ауданның ішінде 2 мектеп, 2 бала-бақша, емхана бар, жаңа саябақтың құрылысы аяқталған, қажетті коммуникациялар кіргізілген.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қ. Иса қандас бауырларымызбен кездесу барысында бір-қатар мәселелерді айтып өтті. Еліміз 2009-2011 жылдары 20 мың отбасы қандастарымызды қабылдап, отбасы мүшелерімен санағанда 100 мыңнан асық адам еліне көшіп келген , биыл қандастарымыздың келу квотасы 100 мыңнан 100 есе төмен түсіп, бар жоғы 1425 адам қабылдағамбыз, мұндай масқараға келуіміз көші-қон агенттігінің жойылып кетуінен және көші-қон мәселелері 4-5 министрлікке бөлініп кеткенін айтты. Қ. Иса Парламент төрінде « Қазақстанға қандастарымыз қажет емес пе ?»- деп бұл мәселені көтергенін айтты. Қандастарымыз азаматтық алу үшін 52 құжат жинау қажет екен, тіпті қазақ өзінің қазақ екенін анықтайтын құжат қажет екен, ал басқа мемлекеттерде 1-2 құжат дұрыс болса алуға мүмкіндік жасалған, бұнын бәрі министрліктер тарапынан қандастарымыздын азаматтық алуға тосқауыл қойғаны. Осы мәселер Мәжілісте көтерілген сон ғана көші-қон агенттігі құрылатын болды, ал азаматтық алу үшін жинайтын құжаттардың саны екі есе төмендеді.
Парламент Мәжілісінің депутаты Қ. Иса өз сөзінде тағы бір мәселеге тоқтап өтті, ол шетелдегі жастарымыз келіп Қазақстанда оқып, білім алуы бойынша. Қандас бауырларымыз өз елдерінде бір жыл онлайн оқып, емтихан тапсыратын кезде ҚР Білім министрлігі оларды қисынсыз жерден келіп, емтиханды офлайн түрде тапсыру қажет деп шешкен. Бұл мәселе де Парламент Мәжілісінде көтеріліп, депутаттық сауал жолданып, нәтижесінде бұл мәселе бірден шешіліп, қандас-студенттеріміз емтиханды онлайн тапсырды.
Қандастарымыздың алдымыздан көп тосқауыл шығатындарын, заңдарда шикіліктер барын, олардың бәрін қолға алатындығын жеткізді. Бұдан басқа «Мемлекеттік тіл туралы» Заң қабылдау туралы депутатық сауал жолданғанын, бұл туралы әлеуметтік желіде Facebook парақшасында 2020 жылы Ашық хат жариялаған кезде 3 аптада – 126 мың тіл жанашырлары қол қойғанын айта кетті.
Ел тәуелсіздігі үшін жанын қиған Алаш қайраткерлерін неге ұлықтамаймыз ? Өкінішке орай, Алаш қайраткерлерінің есімдерін мәнгілік сақтап қалу үшін олардың есімдеріне лайықты көше де жоқ. Мысалы Әлихан Бөкейханның есіміне лайық еліміздің орталық көшелеріне есімі берілмегені анықталған.
Бұдан басқа, Қ.Иса Парламент төрінде жайылым жерлер туралы, ұлттық идеология, мәдениет саласы бойынша қозғалған мәселелер бойынша айтып өтті.
Қ. Иса « Асар» шағын ауданының тұрғындарымен кездесу барысында халықтың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Алима Төлеген : «Сізбен бүгін кездескеніме қатты құаныштымын, ержүрек, батырлығыныз үшін рахмет, сізге қарап жас ұрпақ еліктейді, қандастарыңыз үшін керемет үлгісіз! Керемет бастамаларыңызды біз әр қашан қолдаймыз!»- деді.
Атабаев Қасым: «Бүгінгі кездесуден рұхымыз көтерілді, Парламенттте осындай адам барына, тіл мәселесін көтеріп жүргеніңізге құанышштымыз ! Тілеуім Парламентте барлық жиын қазақ тілінде өтсінші ! Сізге табыс тілейміз !»- деді.
Гулнафиз Мұхтарқызы : «Сіздің өлендеріңізбен жырларынызды сүйып оқимын, Қазақстанның жерлері сатылмасыншы, шетелдіктерге сатылмасыншы. Ұлан- байтақ жерімізге өзіміздің қазақтарымыз, қандастарымыз ие болсыншы !»- деді ол.
Сәрсенов Әлібек : «Көшті бәсендетпей , қандастарға жағдай жасалса, шет елдерде тұрып жатқан туыстарымыз бар, оларда көшіп келер еді. Ұстаз мәртебесін көтеріп, «Ұстаздар күні» мерекесін қазан айының алғашқы жексенбісінде тойламай, мерекелік күн ретінде 1 күнге белгіленіп, демалыс күн болса»- деп айтты.
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әлимхан Досыбайұлы Абжанов 2006 жылдары осы қандастарымыздың көші-қонына үлкен себеп болған, 20 мың адамға осындай керемет қалашық жасаған Ибадұлла Қалыбеков ағамыздың еңбегі еленіп, оған « Еңбек ері» атағын беруді ұсынды.
Халық қалаулысымен кездесуге келген тұрғындар алғыстарын айтып, жиі келіп тұруын сұрап, батасын беріп, « Ақ жол» демократиялық партиясына – ақ жол тіледі. Өз кезегінде Қазыбек Иса ұсыныстардың бәрін өз назары мен қадағалауына алатындығын айтып, жиналған қауымға ризашылығын білдірді.