Сәкен Майғазиев өзін "жемқор" деп атаған белсендімен соттаспайтынын мәлімдеді
2021 ж. 10 тамыз
1795
0
Әнші Сәкен Майғазиев тіркелмеген "Қазақстанның демократиялық партиясының" белсендісі Аружан Дүйсебаеваның үстінен жазған арызын қайтарып алғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол бұл туралы Instagram парақшасында жариялады.
Майғазиев видеоүндеуінде Дүйсебаеваның кешірім сұрағанына мұқтаж емес екенін, өзі туралы видеоны алып тастамаса да, кешіргенін және қылмыстық іс бойынша арызын қайтып алғанын айтады.
"Мәселенің бәрі наурызға келіп тіреліп тұр...Бұл жүйе жүйесімен заңды түрде жұмсалды. Есебін мердігерлерден алдым. Оны құзырлы органдар қаржылық бақылау комитеті мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексеріп шыққан",- деді Майғазиев үндеуінде.