Президент қызметінен босатқан экс-министр қайтадан басшы болды
2021 ж. 04 тамыз
1962
0
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-басшысы Сапархан Омаров «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметіне сайланды.
Бұл туралы ҚР АШМ ресми сайты хабарлайды.
«С. Омаровтың Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астық саласын дамыту саласындағы көпжылдық нәтижелі қызметін, сондай-ақ астықты мемлекеттік сатып алу жүйесінде табысты тәжірибесін ескере отырып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының биылғы 28 шілдедегі № 227 бұйрығымен ҚР Үкіметінің келісіміне сәйкес, Омаров Сапархан Кесікбайұлы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына сайланды», - делінген министрлік сайтында.