«Ақ жолдың» арқасында ауыл көшелеріне асфальт төселді
2021 ж. 28 шілде
1837
0
«Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пен Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Ақмола облысы Малтабар ауылында болып қайтты, - деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.
Бір жыл бұрын Ақмола облысындағы Малтабар ауылының тұрғындары "Ақ жол" партиясының Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбиновке шаң басып жатқан және сыны кеткен көшелерді асфальттауға көмек сұрап жүгінген болатын.
Депутат сол кезде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне және "ҚазАвтоЖол" компаниясына жүгінген болатын.
Бүгін Азат Перуашев пен Берік Дүйсенбинов Малтабарда болып, онда ауыл маңындағы басты көшеге асфальт төсеу басталғанын хабарлады. Жалпы айтқанда шеткі үйдің кіреберісіне дейін асфальт төсеу жоспарланған.
Келесі кезекте жергілікті мектепке дейін және ауыл орталығына асфальт төсеу жұмыстары күтілуде.
Сондай-ақ, депутаттар Малтабар ауылындағы 96 жастағы ақсақалға сәлем беруге барды. Амантай ата - 1937 жылы Алаш Орданы насихаттағаны үшін репрессияға ұшыраған Перуаш Кәрімұлы шәкірттерінің соңғысы.