ҚАНДАСТАР МӘСЕЛЕСІ АУЫЛДА ДА КҮРДЕЛІ
2021 ж. 21 шілде
1614
0
Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ аужаны Шелек ауылында қандас бауырлармен кездестік. “Отандас-Ел” қоғамдық қоры төрағасы, қандастар көшінде қайрат көрсетіп жүрген Мұқан Мамытханның ұйымдастыруымен өткен жиын өте маңызды ұсыныстарға толы болды.
Екі сағатқа есептеліп, сағат. 14:00-де алдын ала жоспарланғандай жарық өшіп қалса да ел кетпей, тағы жарты сағаттан астам уақытқа жалғасты.
-800-ден астам отбасыда баспана жоқ, жер алуға кезек жылжымайды.
-Жұмыссыздық проблемасы шешілмеуде.
-Жайылымдық жер жоқ.
-Азаматтық ала алмай жүргендер де жетеді.
-Халыққа қызмет көрсету мекемелері Іс қағаздары мен анықтамаларды мемлекеттік тілде бермейді (Ұйғыр ауданынан келген қандастардың арызы) және тб.
Жер учаскелері мен жайылым мәселелері бойынша Шелек ауылы әкімі Сәкен Дәулетханұлы толыққанды жауап берді.
Мәдениет үйінде орналасқан суретші-шебер Ақан Серікұлының домбыра жасау шеберханасымен таныстық.
Толық мәлімет алда жазылады.
Қазыбек Иса,
Қазақ үні