Жол апатынан 27 адам мерт болып, 30-дан астамы зардап шекті
2021 ж. 19 шілде
1406
0
Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясында жолаушылар автобусы мен трейлердің соқтығысуы салдарынан кем дегенде 27 адам қаза тауып, 30-дан астамы зардап шеккен.
Бұл туралы дүйсенбіде Синьхуа агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға Дера-Гази-Хан қаласында орын алған. Айналма жолда қатты жылдамдықпен келе жатқан автобус трейлерге келіп соққан. Зардап шеккендер жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.
Агенттіктің хабарлауынша, автобус Раджанпур провинциясындағы елді мекеннен Сиалкот қаласына қарай бағыт алып бара жатқан.