"Вакцина алмағандарға жұмысқа баруға тыйым салынады". Бас санитар дәрігер жаңа қаулы шығарды
2021 ж. 15 шілде
2438
0
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясын алдын-алу мақсатында жаңа қаулысын жариялады.
Құжатқа сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысқа келуіне шектеу енгізіледі.
Бас санитар дәрігер Қазақстандағы міндетті вакцинацияның жаңа мерзімін атады.
"2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде профилактикалық вакцинацияның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде COVID-19 вакцинасының екінші компонентін салуды ұйымдастыру" делінген қаулыда.
Оның айтуынша, бұл талап тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш айда коронавируспен ауырған жұмысшыларға қатысты емес.
Шектеу мына ұйымдар үшін енгізіледі:
халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар;
сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары;
фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер;
тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис;
нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);
халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);
жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;
қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың;
демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
Қаулы 15 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.