Тоқаев әкімдерге азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермеуді тапсырды
2021 ж. 24 маусым
1679
0
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдерін жеке-жеке қабылдады.
Жеңіс Қасымбек, Бақытжан Сағынтаев, Мұрат Әйтенов, Оңдасын Оразалин, Құмар Ақсақалов және Серікбай Трұмов Президентке өздері басшылық жасайтын өңірлердің жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп беріп, аймақтарды одан әрі дамытудың перспективасы жөнінде баяндады. Бұдан бөлек Мемлекет басшысына өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық мәртебесі бар қалалардың басшыларына әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының артуына жол бермеуге қатысты және басқа да бірқатар нақты тапсырма берді.