Шымкент банкі клиенттерге 4 мың еуро жалған ақша берген
2021 ж. 09 маусым
2609
0
Шымкентте банк қызметкерлері клиенттерге жалған еуро беріп келген. Бұл қылмысты қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері әшкере қылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шымкенттегі банктердің бірінің қызметкерлері еуроны 500 номиналды банкнотпен беріп келген. Департаменттің мәліметінше, банктің 5 қызметкері алдын ала сөз байласу арқылы клиенттерге жалпы сомасы 4 мың еуро жалған қағаз ақшаны өткізген.
Тергеу барысында белгілі болғандай, 2020 жылы банк қызметкерлерінің бірі жалпы сомадан 25% көлеміндегі сыйақы үшін жалған 6 000 еуроны теңгеге айырбастаған. Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен кінәлілер 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қазіргі таңда банк қызметкерлеріне жалған купюра берген адамға халықаралық іздеу жарияланды.