Атырауда әкімдік қызметкерлері туды теріс ілген
2021 ж. 02 маусым
1512
0
Атырауда облыстың бас тутұғырына жалауды теріс іліп қойған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік өкілдері теріс ілінген туды тек 10-15 метр биіктікке көтерген соң ғана байқапты.
“Туды ілу кезінде оның жоғарғы жағын анықтау бойынша қиындық туды. Сенбі күні сағат 19.00 шамасы туды 10-15 метр биікке көтергенде теріс екені байқалды. Туды түсіріп қайта ілді. Бұл бірнеше минутқа созылды. Желіде тараған видеода тудың енді ілініп жатқаны көрініп тұр”, – деп мәлімдеді олар.
Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Атырау қаласының тұрғындары облыстың бас туының жоғалғаны туралы хабарлаған. Қала тұрғындары жалаушасыз тутұғырдың суретін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарата бастады.
Жергілікті тұрғындар қатты желдің салдарынан ту құлап, ұшып кетуі мүмкін деп болжады.
Бірақ кейінірек әкімдік қатты жел мен дауылдың салдарынан мемлекеттік туды алып тастау туралы шешім қабылдағаны белгілі болды