Түркістанда бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды
2021 ж. 01 маусым
1770
0
Бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық әйел ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық прокуратура ұсынған мәліметке сәйкес, 27 жастағы келіншек қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Сәбиді сатуға әрекет жасау қылмысы кезекті мониторинг жүргізу барысында анықталған. “Осы материал бойынша сол күні Түркістан қалалық полиция басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 135 бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын бастады.
1994 жылы туған күдікті әйел өзінің 2020 жылы туған баласын сату және 7 млн теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсті”, – делінген хабарламада.