ШҚО-да әскери қызметкер өзіне оқ атты
2021 ж. 31 мамыр
1527
0
ШҚО-да 3477 әскери бөлімінің қызметкері өзіне оқ атып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады.
"29 мамырда 3477 әскери бөлімінің әскери қызметі қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов бекетте отырып, өзіне бекітілген қарудан басына оқ атқан. Нәтижесінде ол қайтыс болды", - деді баспасөз қызметі.
Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп, қызметтік тергеу тағайындалған. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
"Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - деді баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, 34 77 әскери бөлімі Өскеменде орналасқан.