Қазақстанда 5 өңір "қызыл" аймақта
2021 ж. 26 мамыр
1356
0
Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша бес өңір "қызыл" аймақта тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.
26 мамырдағы мәлімет бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары және СҚО.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы және Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.
Бұған дейін Қазақстанда кейінгі тәулікте 1739 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған еді.